Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Бүгін 07.09.2018жылы №77 мектеп – гимназиясында «Отбасы - бақыт мекенім!» апталығы аясында жоспар бойынша 3 – 4 сынып оқушыларымен іс атқарылды. Оқушылар белгіленген уақытта келіп, мектеп ауласына «Отбасы – бақыт мекенім!» тақырыбына сәйкес түрлі суреттер салды.
Негізгі мақсатымыз - оқушылардың өз отбасы және оның мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы қарым – қатынасты нығайту.
Келген оқушылар түрлі – түсті борлармен мектеп ауласына тақырыпқа сай өз қиялына сәйкес суреттер салды. Суреттер салу барысында балаларға қолдау көрсету мақсатында ата – аналар да болды. Салған суреттерді балалар түрлі – түсті борлармен бояп, іс – шараның көркін келтірді.
Өткізілген іс – шараларға ата – аналар да, балалар да мәз – мейрам болды. Ата – аналар балалардың өз отбасына деген махаббатын арттыруына, шығармашылығының дамуына үлесін қосатын осындай іс – шара өткізгенімізге өз ризашылығын білдірді!