Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Бейнелеу өнері, сызу, технология, көркем еңбек, музыка пәндер бірлестігінің онкүндігі 23.04-04.05 аралығында өтті. Онкүндік ішінде ашық сабақтар, шебер сынып, сыныптан тыс іс шаралар жоспарланды. Онкүндіктің ашылуында музыка пәнінен оқушылар өлең айтса, көркем еңбектен ұлдар тобы көрініс көрсетті, ал технология пәнінен қыздар тобы сән үлгісін ұсынды. Онкүндікте жоспарланған әр пән бойынша ашық сабақтар толық өткізіліп, сараптама жасалды.Сыныптан тыс іс шаралардың бірі: «Бейбітшілік -ел тілегі» атты сурет байқауы өтті, байқауға барлық 5-6 сынып оқушылары белсене қатысты, салған суреттері жиналып мектепте көрме ұйымдастырылды.Мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жолдибеков Т.С ұйымдастырумен « Саз балшықтан құмыра жасау» шебер сыныбына мұғалімдер мен оқушылар қатысып саз балшықпен жұмыс жасау жолдарын үйренде. Көркем еңбектен қыздар тобында « Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде» деген ашық сабақты көркем еңбек пәнінің мұғалімі Байстенова А.Б өткізді. Мектепте музыка пәнінен «Бір шаңырақ астында» 5»в» сынбында және «Ұйғыр халқының музыкалық мұрасы» 4 «в» сыныбында ашық сабақтар өтті, пән мұғалімдері: Мукатова Г.А, Сейлханова М.М. Онкүндіктің жабылуын барлық пән мұғалімдері мен оқушылар ұйымдастырып концерттік бағдарлама қойылды және онкүндікте белсенділік танытқан оқушыларды марапаттады.
Бейнелеу өнері, сызу, технология, көркем еңбек, музыка пәндер бірлестігінің онкүндігінің ашылуы
«Бейбітшілік-ел тілегі» сурет байқауы
«Өсімдік сән және интерьер элементі ретінде» көркем еңбектен ашық сабақ
«Саз балшықтан құмыра жасау» шебер сынып
Музыка пәнінен ашық сабақ «Бір шаңырақ астында»
Музыка пәнінен ашық сабақ «Ұйғыр халқының музыкалық мұрасы»
Мәлімет өткізген : ӘБ жетекшісі Байстенова А.Б