Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Астана қаласы №77 мектеп–гимназиясының
биология пәні мұғалімі
Мукушева Жұлдыз Хасенқызы
Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатыны рас. Ал, мұғалім оның ішінде сынып жетекшісі осы қоғамдық орында баламен, ата анамен ынтымақтаса байланыста жұмыс жасайтын негізгі адам. Сынып жетекші болу бұл өз оқушыларының ортасындағы қарым–қатынас қуанышына кенелу.
«Тәрбие тұрмысы дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өмірімен, қоғамның мақсат міндеттерімен байланысты болу керек», – деп А.С.Макаренко айтқандай бала жанын түсінетін бірден – бір тұлға ол сынып жетекшісі. Менің 9 а сыныбына жетекшілік еткеніме 3жыл уақыт болыпты. Мен өз сыныбыммен бірге жүріп, әр қайсыларының мінездерін, әдеттерін, жақсы жақтарын көре білдім. Мен қазіргі таңда өз сыныбымды мақтанышпен айта аламын. Өйткені олар әр уақытта да мектепішілік ұйымдастырылған іс шаралардың белсенді мүшелері.
Ұстаздық жолында менің түйгенім: «Бала нәзік тамыршы». Ол ең адал, пәк мінезді, турашыл, айқаныңды бұлжытпай орындайтын, сенімшіл, болашаққа оймен қарайтын нәзік жан. Ендеше ұстазы әділ, адал болса, шәкірт озады. Алда асар асуымыз, бағындырар белесіміз әлі де көп. Алдағы уақытта бірлігіміз нығайып, бік белестерді бағындыра берейік деп тілеймін. Сынып жетекшісі Күн болса, шуағы шәкірттері емес пе Ол шуақ мәңгі баланың жанында жылу беріп, ақыл беріп тұрғандай сезіледі.
«7а сынып оқушыларының ең алғашқы қызықты естелік фотосы»
Мектептегі «Жас ұлан мен Жас Қыранға» мүшелік кезінен
Астана қаласындағы Ұлттық кітапханада өткен сурет байқауына қатысқан сәтінен
«Суретшілер байқауының үздік суретшілері»
«Шаттық байқауы 2016» Клоунада жанры бойынша қатысқан сыныбымыздың жас актерлері
Тарих апталығында 1орын жүлдегерлері
Мектебімізде өткен қалалық тазалық күні. Сенбілік
«8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында»