Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Астана қаласы №77 мектеп-гимназиясында «Бәйтерек» педагогикалық қоғамдастығы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы қаңтар айының соңында мектептің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қоғамдастық мүшелері «Жаңа форматты ұстаздар- табысты мектептің ұйытқысы» атты онкүндік өткізді.
Онкүндік барысында мектептің «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курсын бітірген мұғалімі Имакова Л.О. «Сабақты зерттеу тақырыптарын қалай анықтауға болады?» тақырыбында шебер сынып көрсетті. Ол қалалық желілік қоғамдастық аясында өткізілген семинардан түйген ойлары мен тәжірибесін пайдаланып, бастауыш сыныптар мұғалімдері, жаңартылған білім бағдарламасымен оқытатын мұғалімдер, қоғамдық –гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер мұғалімдері деп төрт топқа бөлініп отырған мектеп мұғалімдеріне түсінікті әрі жеңіл түрде сабақты зерттеу жолдарын көрсетті.