Астана қаласы Мәңгілік Ел 22/1
Астана қаласы №77 мектеп- гимназиясында 2 «Б» сыныбында «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында ашық тәрбие сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты оқушылардың бойына адамдық асыл қасиеттерді игертіп, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сынып жетекшісі Касымова Гульжан Муратовна оқушыларға мейірімділік жүректен шығатын, асыл қасиет екенін түсіндіре білді. Сабақ барысындағы орындалған тапсырмалар Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры оқушыларға қонып,жан дүниелерін жақсы сезімдерге толтыра білді. Сабақ соңында оқушылар жүректен шыққан жақсы тілектерін айтып, қуанышты көңіл күйде болып аяқтады.