
«№77 мектеп - гимназиясында» биылғы мектеп табалдырығын аттаған 1 – сынып оқушыларымен мектеп инспекторы Ибраева Айнагуль Карсакпаевна «АБАЙЛА, ЖАС ЖҮРГІНШІ» тақырыбында жолда жүру ережесі мен бағдаршамнан өту жолдарымен таныстырып, іс жүзінде көрсетті.

Ондағы мақсаты – жас бүлдіршіндердің жолда жүру ережесін қатаң сақтауға бағыттау. Оқушылар жолда жүру ережесі туралы көптеген мағлұматтармен танысты.
Сондай – ақ, мектеп инспекторы балалармен жолда жүру қауіпсіздігі туралы біраз ақпараттар берді.

ӨЗ – ӨЗІҢЕ САҚ БОЛ, БАЛАҚАЙ!