Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

«Жеке және топтық жобаларды ұйымдастыру барысында оқушылардың қиындықтарын зерттеу»

31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласы Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясында іс-әрекетті зерттеуге бағытталған «Жеке және топтық жобаларды ұйымдастыру барысында оқушылардың қиындықтарын зерттеу» тақырыбында жетекші мектеп мұғалімдерінің қатысуымен қалалық семинар өтті. Семинар жоспарға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығымен бірлесе отыра ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты: Оқу-тәрбие үдерісіндегі психологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы әлеуметтік бағдарланған оқушыларды қалыптастырудағы практикалық қолдану нәтижелерін кең аудиторияға көрсету.
Семинардың міндеттері:
- Педагогтердің зерттеу қызметін ұйымдастыру барысында кездесетін әр түрлі көзқарастарды зерделеу;
- Педагогтердің «Action Research» жүргізу барысындағы іс – тәжірибелерімен танысу.
Семинар 3 бөлімді қамтыды. Бірінші пленарлық отырыс, екінші – секциялық отырыс және үшінші бөлім кері байланыс.
Пленарлық отырыста мектеп директоры Г.П.Байменова сөз ала отырып, мектебімізде оздырылып жатырған бірқатар іс-шаралар мен жобаларды таныстырды. Сөз соңында семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ББЖО инновация және ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Р.А.Шаяханова сөз алып, «SHARE» жобасы туралы және осы жоба бойынша қаланың бірнеше мектептері жұмыс жасап жатқандығы туралы жалпы ақпарат беріп өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі А.Б.Айтбаев семинардың өтілу барысы мен мақсат-міндеттерін айта келіп, сөз кезегін спикерлерге ұсынды.
Семинарға мектебіміздің тәжірибелі мұғалімдері мен жас мамандары Қияқбай Н.Б., Бекежанова А.Қ., Қайырғалиев Б.С., Алдабергенқызы А., Талипова Н.Б., Бақытқалиқызы А., Исақова Н.А., Сунчалиев А.М., Қаухан Р., Бақытова Л., Әбдіғали Е., Махметова С.Д., Ермухамбетова Ж.З., Абдрахманова Ж.Е., Сейдуллаев Ж.А. қатысып, секцияда өздерінің іс –әрекетті зерттеу жұмыстары бойынша баяндамаларын жасады.
Кері байланыс бөлімінде семинарға қатысушы мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен бірге ББЖО әдіскері Б.К.Миралиев және ХБ НЗМ педагогикалық қауымдастықтың мүшесі Д.Тұрарбек жұмыстарды талдап, қорытындылап, оң бағаларын берді.









31.03


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/