Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)

Хабарландыру

Мектептің мекен-Жайы

Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік Ел 22/1  

Жүргізу бағыттары

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет. «Бала - басты байлығымыз Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырықүйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Осы мақсатта мектепшілік қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыс №9 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша маманы Нұрасыл Кенжекүл Нұрасыловнаның  қатысуымен өтті.

Күн тәртібінде мына мәселелер сөз болды:

  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу – мектеп инспекторы Ахметова Г.Қ.
  2. «Ішкі тәртіп ережелері» –ДТІЖО Л.А.Қожакелдиева
  3. «Қыз балалардың жеке бас гигиенасы» - мектеп медбикесі Тамабаева Г.
  4. «Жасөспірімдерге психолдогиялық кеңес» - мектеп психологі Аймағамбетова М.К.
  5. Әр түрлі мәселелер

Жұмыс берушілер мен ата-аналардың назарына:

 Кәмелетке толмағандардың еңбегі туралы

 

Кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде олармен міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 31-бабына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

Сонымен қатар,

- орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, 15 жасқа толған азаматтармен;

- оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен;

- кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс.

Заң кәмелетке толмағандарды денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға жалдауға тыйым салады. Қауіпті жұмыс түрлерінің ең төменгі жасы-18 жас, 18 жасқа толмаған адамдарға қоса атқаратын жұмысқа, материалдық жауапкершілік белгіленген жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебіне, үстеме жұмысқа және түнгі уақыттағы жұмысқа тыйым салынады.

Сондай-ақ, он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.12.2015 № 944 бұйрығымен белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.

Кәмелетке толмағандарды моральдық дамуына теріс әсер ететін жұмысқа тартуға жол берілмейді (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелеріндегі жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау және сату).

Заңнамадаон сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы қарастырылған. Атап айтқанда:

- он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;

- он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

Сонымен қатар, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға жол берілмейді.

Кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 86-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші кәмелетке толмаған адамдарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жібергені үшін – елуден екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

10.03


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президентi

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ

Мектеп директоры

СІЛТЕМЕЛЕР

astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

/